Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемнің ең ауқатты тұрғыны байлығы бойынша тағы да рекорд жаңартты

Әлемнің ең ауқатты тұрғыны, Amazon ұйымының негізін қалаушы Джефф Безос байлығын 10,6 миллиард долларға арттырды. Осылайша оның байлығы 212,4 миллиард долларға жетіп, тағы да рекорд жаңартты. 

Әлемдегі ең бай адам коронавирус кезінде 24 миллиард доллар тапты

Forbes басылымының мәліметінше, Amazon акциялары осы аптада 5,9 пайызға жоғарылаған. Компания акцияларының 4%-ының иесі болып табылатын Безостың бұрынғы жары Маккензи Скоттың да байлығы 3,5 миллиард долларға ұлғайып, 62,5 миллиард долларға жеткен. 

Amazon акцияларының өсуіне АҚШ-тың қорғаныс министрлігінің Microsoft корпорациясымен бірлесіп, іске асыруы керек болатын құны 10 миллиард долларлық Бірлескен Кәсіпорынның Қорғаныс Инфрақұрылымы жобасынан бас тартуы әсер етуі мүмкін. Microsoft-тан бөлек жобаны ұйымдастыру мүмкіндігін иеленуге Amazon, Google және Oracle күрескен.

Айта кетсек, 5 шілдеде Безос Amazon компаниясының бас директоры лауазымынан кеткен еді. Жаңа бас директор болып бұған дейін Amazon Web Services қызметін басқарған Энди Джесси тағайындалды. Безос қазір компанияның атқарушы төрағасы қызметін атқарады. Ол алдағы уақытта қайырымдылыққа бағытталған шараларына көбірек көңіл бөлмек. 

Талқылау