Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемдік тәжірибе: Түтінсіз темекілер өлім-жітімді азайтып жатыр ма?

Қазақстанда вейптерге тыйым салынғаннан кейін темекі шегуден болатын зиянды азайтуға мүмкіндік бар ма? Елімізде 20 маусымнан бастап вейптерге салынған тыйым күшіне енеді. Алайда өзге дамыған елдердің медицина мамандары бұл тұрғыда басқа логиканы ұстануда.

Атап айтқанда шетелдік мамандар арнайы никотинді алмастыратын терапиямен қатар темекіден болатын зиянды азайту үшін темекінің түтінсіз баламалары – хиттерлер, вейптер, шайнайтын темекіні қолдану керек деп санайды. Швеция мен жапониялық тәуелсіз есептер, Ұлыбритания мен Жаңа Зеландияның Денсаулық сақтау министрліктерінің пікірлері түтінсіз өнімдерге өту темекі шегуден болатын өлім мен ауруды азайтуға көмектесетінін растайды екен.

Темекі шегу мезгілсіз өлімнің негізгі себебі екені белгілі. 2023 жылдың өзінде бүкіл әлем бойынша 8 миллионнан астам адам темекі шеккеннен болатын аурулардан қаза тапқан. Ал тағы 1,2 миллион адам темекі түтінінің ағзаға әсерінен мерт болған. Сондықтан темекі шегетіндердің санын азайту өте маңызды міндет болып отыр.

Көптеген дамыған елде бұл саясат никотиннің түтінсіз көздерін енгізу арқылы дәйекті түрде жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, Жапония билігі темекіні түтінсіз қыздыру құрылғыларының (хиттерлер – ағылшынның "heating", яғни "қыздыру" сөзінен) таралуына ықпал ету, сондай-ақ никотинді алмастыратын терапия препараттары (арнайы таблеткалар, никотині бар жапсырмалар және т.б.) арқасында бар болғаны төрт жыл – 2015-2019 жыл ішінде темекі саудасының жалпы көлемін 34%-ға төмендете алды. Мамандар мұны 2014 жылы Жапонияда хиттерлер сатылымға шығуымен байланыстырады.

Күншығыс елінде түтінсіз жүйелерді реттейтін нормативтік-құқықтық база жекелеген кеңселерде (мысалы, кафелерде, қоғамдық орындарда, ойын-сауық орындарында) хиттерлерді пайдалануға рұқсат беретіндей етіп бапталған. Ал темекі шегуге барлық жерде қатаң тыйым салынады. Осылайша, билік темекі шегушілерді түтінсіз темекіге ауысуын ынталандырады.

Сонымен қатар, әлеуметтік зерттеулер Жапония нарығында түтінсіз қыздырылатын темекінің қарапайым темекімен салыстырғанда әлдеқайда жеңіл екені көрсетілген. Мәселен ешқашан темекі шекпеген адам мен нашар әдетін тастаған жандар хиттерлерді тұтынса, оның никотинге тәуелді болуына айтарлықтай әсер етпейді екен. Яғни, түтінсіз темекі никотин тәуелділігіне бұрын шегіп көрмеген адамдарды тартады деген қауіп негізсіз болып шықты.

Жаңа Зеландия тәжірибесінде де жергілікті денсаулық сақтау министрлігі тұрғындарға темекі, сигара, түтік және сол сияқты дәстүрлі темекі өнімдерінің орнына хиттерлерді немесе вейптерді қолдануды ұсынды. Никотиннің түтінсіз көздеріне көшуді белсенді түрде насихаттай отырып, олар темекінің ондаған есе зиянды және қауіпті екені туралы объективті ақпарат берді. Осылайша елдің медициналық билігі темекі шегетін тұрғындар үлесінің тез төмендеуіне қол жеткізді. Бүгінгі таңда Жаңа Зеландия 8% темекі шегетін ересек тұрғындарымен әлемдегі темекі шекпейтін елдердің көшбасында тұр.

Осы тұста біздің темекі шегетін отандастарымыз үшін де зиянды азайтудың жалғыз тәсілі хиттерлер. Себебі қазір елімізде түтінсіз өнімдер арасында тек хиттерлер рұқсат етілген. Бұл темекінің зардабын азайтуға қалай көмектеседі? Мұнда арнайы қыздыру құрылғыларының ішіне құрамында табиғи темекісі бар таяқша салынады. Хиттер темекіні рұқсат етілген температураға дейін (әдетте 250 – 350 градус) жанусыз және түтінсіз қыздырады. Нәтижесінде құрамында никотині бар табиғи темекінің буы шығады. Беделді медициналық зерттеулер темекіні осылай қолдану нәтижесінде темекі түтініне қарағанда зиянды заттардың 95%-ға аз бөлінетінін дәлелдеді. Темекіні хиттерлермен алмастыру түрлі онкологиялық аурулардың даму қаупін азайтуға көмектеседі. Сонымен қатар ентігу мен жөтелді болдырмайды. Хиттерлер темекі түтіні секілді емес олардың буы іс жүзінде көрінбейді және үй ішіндегі ауаға әсер етпейді.

Сондықтан бүгінде Қазақстанда темекіге оңтайлы балама – хиттерлер болып отыр. Бұл өкпенің онкологиялық аурулары, созылмалы обструктивті бронхит және басқа да темекі шеккеннен болатын сырқаттардың даму қаупін бірнеше есеге төмендетуге мүмкіндік береді. 

Талқылау