Әлемдік шоу: Мейвезер – МакГрегор жекпе-жегінің жеңімпазы анықталды
Лас-Вегаста америкалық боксшы Флойд Мейвезер (49-0, 26 КО) мен ирландиялық UFC балуаны Конор МакГрегор кәсіпқой шаршы алаңда жұдырық түйістірді.
Кездесу T-Mobile аренада бірінші орта салмақ дәрежесінде өткізілді. Кездесудің 10-шы раундында Мейвезер МакГрегорға ешқандай мүмкіндік қалдырмастан, соққының астына алған. Ирландиялық спортшының ауыр жарақат алу мүмкіндігі жоғары болғандықтан, төреші жекпе-жекті тоқтатты. Осылайша америкалық боксшы өзінің 50-ші жеңісіне қол жеткізіп отыр. МакГрегор үшін бұл кәсіпқой шаршы алаңдағы алғашқы кездесу болса, Мейвезер осы жекпе-жектен соң мансабын аяқтайтынын айтқан болатын. Мейвезер осыған дейін кәсіпқой бокста 49 кездесу өткізіп, оның барлығында жеңіске жеткен. Ал Конор МакГрегор UFC алаңдарында 24 кездесу өткізіп. 21 жеңіске жеткен, оның 18-ін нокаутпен аяқтаған. Жасы - 29-да. Ал Мейвезер 40 жасында өзінің соңғы жекпе-жегіне шықты. Оқи отырыңыз: Қазақстандық ауыр атлет Денис Уланов Универсиада «алтынын» ұтып алды «Монғолияның Лашыны» атанған қазақ балуаны кім? Түркия спортшысы әлем чемпионы атанған қызға көпшілік алдында ұсыныс жасады Дмитрий Баландин ел қоржынына Универсиаданың үшінші медалін салдыТалқылау