Әлемдік рейтингте Жәнібек Әлімханұлы Геннадий Головкиннен кейінгі екінші орынға көтерілді
Танымал The Ring журналының сайты бірден үш қазақстандық боксшы кіретін орта салмақтағы рейтингтің ағымдағы нұсқасын жариялады. Мұнда Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы Геннадий Головкиннен кейін екінші орында тұр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sports.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Рейтингтің басында әлем чемпионы Геннадий Головкин тұрса, екінші орында WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы келген. Ол мексикалық Хайме Мунгуяны үшінші орынға ығыстырып, екінші орынға көтерілген. WBO International белбеуінің иегері Мейірім Нұрсұлтанов сегізінші болып қалды.
Еске салайық, осы айда Жәнібек Әлімханұлы канадалық қарсыласы Стивен Батлерді екінші раундта нокаутқа түсіріп, чемпиондық атағын қорғап қалды.
The Ring нұсқасы бойынша орта салмақтағы үздік ондық келесідей:
- Геннадий Головкин (Қазақстан)
- Жәнібек Әлімханұлы (Қазақстан)
- Хайме Мунгиа (Мексика)
- Карлос Адамес (Доминикан Республикасы)
- Лиам Смит (Ұлыбритания)
- Сергей Деревянченко (Украина)
- Эрисланди Лара (Куба)
- Мейірім Нұрсұлтанов (Қазақстан)
- Феликс Кэш (Ұлыбритания)
- Кіші Крис Юбанк (Ұлыбритания)
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн