Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемдік лицензиялық турнирге жолдама беретін спаррингтік турнирдің финалистері анықталды

Қыздар арасында Таиланд астанасы Бангкокте өтетін әлемдік лицензиялық турнирге жолдама беретін спаррингтік турнирдің финалына шыққан спортшылар белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Олимпиада комитеті

Астанада олимпиадалық салмақ түрлері бойынша спаррингтік бәсекенің ақтық сынына шыққан боксшылар белгілі болды. 54 келіде Жайна Шекербеков мен Ұлжан Сәрсенбек өзара мықтыны анықтап, Ұлжанның мерейі үстем болса, екінші жартылай финалдық кездесуде әлем, Азия чемпионы Дина Жоламанды ұтқан Сымбат Әлиасқар жеңіске жетті. Ол Әнел Сақыштан басым түсті. 66 келіде Наталья Богданова әлем чемпионатының қола жүлдегері Милана Сафронованы жеңіп, финалға шықты. Ол финалда Лаура Есенгелдіні ұтқан Жасмин Қизатовамен жұдырықтасады. Ал 75 келіде Гүлсая Ержан мен Жібек Жарасқызы жартылай финалда жұдырықтасып, Гүлсаяның мысы басым болды. Ол енді финалда Валентина Хальзоваға қарсы шығады.

Айта кетейік, бұған дейін Мұхамедсабыр Базарбайұлы мен Дулат Бекбауов 63,5 келіде олимпиадаға жолдама беретін спаррингтік турнирдің финалында жұдырықтасатынын жаздық. 

Талқылау