Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемдік лицензиялық турнирге қатысатын боксшы қыздар анықталды

Таиланд астанасы Бангкокте өтетін әлемдік лицензиялық турнирге қатысатын қыздардың құрамы жасақталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Олимпиада комитеті

Париж олимпиадасына жолдама беретін соңғы әлемдік лицензиялық турнирге жолдама жеңіп алған боксшылар белгілі болды. 54 келіде Ұлжан Сәрсенбек финалда Сымбат Әлиасқармен жұдырықтасып, бірауыз шешімімен жеңіске жетсе, 66 келіде Наталья Богданова Жасмин Қизатовадан басым түсті. Ал 75 келіде финалға шыққан Гүлсая Ержан Валентина Хальзованың осал тұсын таба алмай, жеңіліп қалды. Осылайша жарыс жеңімпазы атанған былғары қолғап шеберлері лицензиялық жарысқа қатысу мүмкіндігіне ие болды. 

Айта кетейік, бұған дейін ерлер арасында Мұхамедсабыр Базарбайұлы Таиланд астанасы Бангкокте өтетін әлемдік лицензиялық турнирге жолдама беретін спаррингтік турнирде жеңіске жеткенін жазған едік. 

Талқылау