Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемдік жеңіл көлік нарығы дағдарыс шыңында: Автомобильдердің жаһандық сатылымы барған сайын төмендеуде

Жаһандық автомобиль нарығы биыл да пессимистік жағдайда қалып отыр. Бүкіл әлемде жеңіл автомобильдерді сату көлемінің төмендеуі байқалады. Мәселен, Еуропа автоөндірушілері қауымдастығының (АСЕА) сәуір айындағы деректері бойынша, Еуропада көлік сатылымы жылына 20,2%-ға азайып, 830,4 мың автомобиль саудаға түскен (2021 жылғы сәуір айының қорытындысы бойынша, 1 млн астам автомобиль сатылған), деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Finprom.kz порталына сілтеме жасап. 

Еуропалық Одақ (ЕО) елдерінде сатылым 20,6%-ға төмендеген. 2020 жылғы "коронадағдарысты" қоспағанда, бұл сәуір айындағы ең әлсіз көрсеткіш болып отыр. 

Еуропа елдері арасында сату көлемінің айтарлықтай азаюы Литвада (-34,9%), Италияда (-33%), Швейцарияда (-29,1%), Данияда (-29%), Финляндияда (-25,8%) және Австрияда (-26,6%) байқалады. 

АСЕА-ның атап өтуінше, бұл теріс динамика жартылай өткізгіштердің (чиптердің) жетіспеушілігіне орай жаңа автомобильдерді жеткізуде мәселе тудырып отыр. Ал Ресейдің Украинаға жасаған шабуылына байланысты логистикадағы жағдай одан сайын ушығып, жаңа геосаяси дағдарыстың салдарынан күрделене түсті. Сонымен қатар, Қытайда COVID-19 пандемиясының қайта өршуі мәселеге теріс әсерін тигізуде.

Автомобиль компаниялары өндірісінде Еуропада 2021 жылдың сәуір айының қорытындылары бойынша сату көлемінің ең көп қысқаруы Stellantis корпорациясында байқалады: мұндағы сауда жылына бірден 28%-ға азайған. 

Бұнымен қоса Volkswagen Group—тің сатылымы да 28%-ға қысқарған. Ал Jaguar Land Rover Group-те — 27,7% , Mazda-да— 27,4%, Volvo-да — 23%, у Mercedes-Benz-те — 22,6% төмендеген. 

2022 жылғы 18 мамырдағы Foley Automotive есебіне сәйкес, чиптердің жетіспеушілігіне байланысты Stellantis және Ford өткен аптада Иллинойс, Кентукки және Онтарио зауыттарында өндірісті уақытша тоқтатқан. Дағдарысқа ұшыраған модельдердің ішінде Jeep Cherokee, Ford Escape, Ford Edge, Lincoln Corsair және Lincoln Nautilus бар. Сонымен қатар, Stellaris өткен аптада Онтарио штатындағы Виндзор қаласындағы минивэн зауытында өндіріс уақытша жабылды.

Өз кезегінде Жапониядағы Toyota мамыр айында COVID-12 салдарынан енгізілген шектеулерге байланысты Қытайдағы 19 зауыттың өндірісін 6 күнге дейін қысқартты, ал жаһандық өндіріс жоспарларындағы көліктер шамамен 50 мың автомобильге дейін төмендеді. Сонымен қатар, Toyota шикізатқа жоғары көлемде шығындалуына  және жартылай өткізгіштердің жетіспеушілігі орай компанияның келесі жылдағы кірісін шамамен 20%-ға төмендетуі мүмкін екенін атап өтті. Алайда әлемдегі экономикалық жағдайдың күрделене түсуі бұл болжамды одан сайын қиындатып жіберуі ғажап емес.

АҚШ-та жаңа көліктерді сату көлемі бір жылда 56,3%-ға, Қытайда — 43,4%-ға, Жапонияда — 14,4%-ға, Оңтүстік Кореяда – 11,8%-ға, Канадада – 8,4%-ға, Мексикада – 1%-ға қысқарды. Бұдан автодағдарыс іс жүзінде әлемнің барлық аймақтарын қамтығанын байқаймыз. 

Жартылай өткізгіштердің тапшылығы 2020 жылы, пандемияға байланысты автомобиль зауыттарының да, автомобильдерге арналған компоненттерді, соның ішінде жартылай өткізгіштерді шығаратын зауыттардың да өндірісі жабылған кезде басталды. Пандемияның басында автокөліктерге сұраныс күрт төмендеді. Бұдан соң чиптерге тапсырыс беру көлемі де азайды. Алайда автоөндіріс қалпына келтірілгеннен кейін, чиптердің белгілі бір түрлерін шығаруды қайта іске қосу үшін зауыттарға алты ай немесе одан да көп уақыт қажет болды. Нәтижесінде автомобиль нарығы тұралап қалды.  Пандемияға байланысты шекаралардың жабылуы логистика мен микросхемаларды тасымалдауға теріс әсер етті.

Дегенмен жартылай өткізгіштердің жетіспеушілігіне пандемиядан басқа да себептер бар. Әлемдегі микрочиптердің шамамен 12%-ы АҚШ-та шығарылады, олардың көп бөлігі Техастан келеді. 2021 жылдың ақпан айында бұл штатта тарихтағы ең жойқын дауыл болды. Ал бұл жаппай электр қуатының өшуіне себеп болды. Микрочип зауыттары бұған дайын емес еді. Нәтижесінде олардың біразы үлкен шығынға ұшырап, жабылып қалды. Мұның салдары апатты жағдайларға алып келді: өндірушілердің бірі Infineon-ға өндірісті қалпына келтіру үшін көптеген айлар қажет болды. Ал алдағы 12 айда шығарылуы керек болған бөлшекті автокомпаниялар сатып алуға тапсырып жасап қойған еді. 

Сонымен қатар, өткен жылдың наурыз айында Жапонияның Renesas зауытында өрт болды. Жалпы алғанда, компанияның 17 бірлік аппараттарына зақым келіп, бұл логистикадағы кідірістердің ұзаруына әкелді. 

Қазіргі жағдайда әлемдік автомобиль нарығы бұрын қалыптасқан және жаңа пайда болған қиындықтарды қашан жеңіп, дағдарыс шыңынан қашан шығатынын болжау қиын.

Талқылау