Әлемдегі коронавирус: 22 сәуірдегі таңертеңгі жағдай

22 мамырда таңертең әлемде коронавирус жұқтырған адамдардың саны 5,1 миллионнан асты. Мұны Джон Хопкинс университеті жобасының мәліметтері дәлелдейді, деп хабарлайды  Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус

Университет мәліметтеріне сәйкес, COVID-19 коронавирусын әлем бойынша 5 101 967 адам жұқтырған, 332 900 адам инфекцияның құрбаны болған, тағы 1 948 106 адам аурудан айықты.

Коронавирус жұқтырған адамдар саны бойынша алғашқы ондыққа кіреді:

АҚШ - 1 577 140 адам жұқтырды, 94 702 адам көз жұмды,

Ресей - 317 554 адам жұқтырды, 3099 адам көз жұмды,

Бразилия - 310 087 адам жұқтырды, 20 047 адам көз жұмды,

Ұлыбритания - 252 246 адам жұқтырды, 36 124 адам көз жұмды,

Испания - 233,037 адам жұқтырды, 27 940 адам көз жұмды,

Италия - 228 006 адам жұқтырды, 32 486 адам көз жұмды,

Франция - 181 951 адам жұқтырды, 28 218 адам көз жұмды,

Германия - 179 021 адам жұқтырды, 8 203 адам көз жұмды,

Түркия - 153 548 адам жұқтырды, 4 249 адам көз жұмды,

Иран - 129 341 адам жұқтырды, 7 249 адам көз жұмды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) коронавирус бойынша басқа статистиканы ұсынды. ДДСҰ-ның соңғы мәліметтері бойынша, COVID-19 жұқтыру жағдайлары әлемде 4 904 413-ке жетті, 323 мыңнан астам адам көз жұмды. Бір тәулік ішінде әлемде 78 864 адамнан коронавирус табылды. Жұқтыру жағдайларының көбі Солтүстік және Оңтүстік Америкада тіркелген - 2 166 003.

Еске сала кетейік, Қазақстанда COVID-19-ды 7597 адам жұқтырды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр