Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемдегі ең ұзақ өмір сүрген әйел сырымен бөлісті

Өмір сүргеніне 117 жас 260 күн болған Фукуока тұрғыны Кейн Танака Жапонияда өмір сүру ұзақтығы бойынша рекорд жаңартты. Бұл туралы РБК-ға сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Министрліктің мәліметінше, бұл әйел бір күнге ұзағырақ өмір сүріп 2018 жылы қайтыс болған тағы бір жапондық Тажима Набидің рекордын жаңартты. Осыған дейін Танака Гиннестің рекордтар кітабына қазір өмір сүріп жатқан ең кәрі адам ретінде енгізілген болатын.

Тонака қарттар үйінде тұрады, телеарнаға берген сұхбатында шоколад пен газдалған сусындарды жақсы көретінін айтты. Оның туыстарының айтуынша, ол өзін жақсы сезінеді және 120 жасқа дейін немесе одан да ұзақ өмір сүруді жоспарлап отыр.

Гиннестің рекордтар кітабында өмір сүру ұзақтығы бойынша үш категория бар: ең кәрі ер адам, ең кәрі әйел адам және ең ұзақ өмір сүрген көзі тірі адам.

Өмір сүру ұзақтығының абсолютті рекорды 1997 жылы 122 жас 164 күнде қайтыс болған француз әйел Жанна-Луиза Калманға тиесілі.
 

Талқылау