Әлемдегі ең ұзын ер адам мен ең қысқа бойлы қыз Мысырда кездесті
Әлемдегі ең ұзын бойлы адам түркиялық Сұлтан Көсен мен әлемдегі ең қысқа бойлы әйел үндістандық Джиоти кездесті. Олар Мысырдың Мәдениет және туризм министрлігінің шақыртуымен Каирге келді.
Бұл туралы 24kz хабарлады.
Олар елдегі тарихи орындарды аралады.
Әлемдегі ең ұзын бойлы адам атымен танылып, Гиннесс рекордтар кітабынан орын алған Сұлтан Көсен Египет туризміне қолдау көрсету мақсатында Каирге аттанған. Бұл – оның Мысыр еліне алғашқы сапары.
Бойы 2 метр 51 сантиметр болатын Көсеннің қасында бойы небәрі 62,8 сантиметр ғана болатын үндістандық бойжеткен Джиоти Амге Гиза пирамидалары алдында суретке түсті. Гиннестің рекордтар кітабына енген әлемдегі ерекше адамдар Каирде 4 күн болады.
Оқи отырыңыз:
Бейсаналы түрде жасап, өміріміздің күл-талқанынын шығаратын ең маңызды 4 әрекет қандай?
Көпшілік күнделікті қолданып жүргенімен, не үшін қажет екенін нақты білмейтін 10 зат
Пицца жеткізуші тамақтың бетіндегі заттарды білдірмей жеп жүргені видеоға түсіп қалды (видео)
Әйеліне сатқындық жасап ұсталып қалған жігіт көңілдесін қуыршақ деп алдап, ұятқа қалды (видео)
Ауғанстанда қаза тапқан қазақстандықтың денесін мемлекет елге әкелетін болды