Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пицца жеткізуші тамақтың бетіндегі заттарды білдірмей жеп жүргені видеоға түсіп қалды

Канадада Domino’s мейрамханасында пицца жеткізуші болып жұмыс істейтін қызметкер клиенттің тамағын жеп тұрған жерінен ұсталып қалды. Оның бұл әрекеті видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды The Daily Mail басылымына сілтеп Stan.kz.

Оқиға Канаданың Ванкувер қаласында орын алған. Жеткізуші клиент тұратын үйдің лифтінде пиццаны жерге қойып, салмасын жеп қойған. Оның бұл әрекетін тұрғын үй күзетшісі бақылау камерасынан көріп қалыпты. Куәгер бірден тапсырыспен тамақ алдырған үй тұрғынына хабарласып, болған оқиға туралы айтып берген.

Өз кезегінде Domino’s мейрамханасы жеткізушінің жұмыстан босатылғанын мәлімдеді. Ол оқудан бос уақытында жеткізуші қызметімен айналысып жүрген студент болып шықты.

Оқи отырыңыз:

Әйеліне сатқындық жасап ұсталып қалған жігіт көңілдесін қуыршақ деп алдап, ұятқа қалды (видео)

Ауғанстанда қаза тапқан қазақстандықтың денесін мемлекет елге әкелетін болды

Сайрамда молда мешітте өзін өлтірмек болған ер адамды құтқарып қалды

Елімізде алты күнге созылған аяз салдарынан 350-ден аса қазақстандық үсіп қалған

Талқылау