Әлемдегі ең улы жылан кен балғаның көмегімен ұсталып, орманға жіберілді
Австралияда жұмысшылар алты ай бойы ұстай алмай жүрген улы жыланды кен балғаның көмегімен ұстады.
Бұл туралы Daily Mail хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Оқиға Австралияның Квинсленд штатында болды. Жылан аулаушы улы жәндіктің ордасын табу үшін екі сағат бойы бетонның бетін кен балғамен тесіп, жұмыс істеген. Содан кейін ол шұңқырдан бес метрлік қоңыр жыланды алып, оны жақын маңдағы орманға жіберген.
Тони Харрисонның айтуынша, оны бұл үйге бірнеше рет шақырған. Бірақ ол қанша іздесе де улы жыланды таба алмаған. Кейін балаларының өміріне алаңдаған үйдің жаңа қожайыны қауіпті жәндіктен құтылуды ойлап, жылан аулаушы қызметкерлерді шақырыпты. Жұмысшылар алты ай бойы ұстай алмай жүрген жыланды кен балғаның көмегімен қолға түсірген. Харрисон үй маңына жорғалаушы жәндіктер жоламас үшін қиыршық тастарды себуге кеңес береді.
Айта кетейік, қоңыр патша Австралиядағы және әлемдегі ең улы жылан. Бұл өңірдегі өлім-жітімнің 60%-ы осы улы жәндіктің шабуылынан болған.
Жіберіп алмаңыз:
Африкалық Кардашьян: Бойжеткен үлкендігі 1,5 метр болатын бөксесін көрсетіп мақтанды (фото)
10 минуттағы тіршілік: Желіде Ғалам тарихы туралы видео пайда болды
iPhone смартфонын айналып жүрген құмырсқалар жұртты таңғалдырды (видео)