Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемдегі ең үлкен отбасының иесі қайтыс болды

Үндістанның Мизорам штатында әлемдегі ең үлкен отбасының отағасы деп мойындалған 76 жастағы ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы штаттың бас министрі өзінің Twitter-дегі парақшасында хабарлады.

"Бүгін әлемдегі ең үлкен отбасының басшысы Зиона Чана өмірден озғанын хабарлаймын. Оның отбасы – біздің мемлекетіміздің басты туристік мақтанышы. Бақұл бол", – деді министр.

Көп әйел алу мәселесімен айналысатын діни сектаның жетекшісі Зиона Чана 13 маусымда түнде қайтыс болды, артында 39 әйелі, 89 баласы мен 36 немересі қалды.

Ер адамның қант диабетімен және гипертониямен ауырғаны хабарланған. Дәрігерлер Чананың жағдайы оның Бактавнг Тлангнуам ауылындағы үйде нашарлағанын айтты. Жексенбі күні кешке ол ауруханаға жеткізілді, сол жерде қайтыс болды.



Чана 1945 жылы 21 шілдеде дүниеге келген. Ол алғаш рет 17 жасында үйленді, әйелі Затианги одан үш жас үлкен еді. Оның отбасында 200-ден астам адам болған. Чана отбасы Гиннестің рекордтар кітабына әлемдегі ең үлкен отбасы ретінде кірді.

Чана және оның отбасы Үндістанның солтүстік-шығысындағы өз ауылына туристерді тартатын жергілікті сенсация. Бактавнг ауылында Сиона 100 бөлмелі және 17 жуынатын бөлмесі бар төрт қабатты үй салды. Әйелдер жатақханадағыдай өмір сүреді: бір жатын бөлмесінде 3-5 адамнан тұрады. Отағасының бірінші қабатында екі кісілік кереуеті бар жеке бөлмесі болған. Ерлі-зайыптылар оған белгіленген тәртіп бойынша кезекпен келетін. Көп қабатты тұрғын үй "Жаңа ұрпақ үйі" деп аталады. Онда ересек қыздарынан басқа барлық отбасы мүшелері тұрады. "Жаңа ұрпақ үйі" – бұл штаттағы ең маңызды туристік орын және бүкіл әлемнен адамдар осы ауылға отбасының өмір салтын көру үшін келеді.

Талқылау