Әлемдегі ең тойымды таңғы ас қайда беріледі?
Англяның шығысында орналасқан Грейт-Ярмут қаласында 4 келі салмағы бар 6000 килокалорияға толы таңғы ас дайындалады екен. Кім де кім бұл тамақты тауысып жей алса, онда ақысын төлемей кете беруіне болады екен.
Бұл туралы National Geographic Россия хабарлайды.
Әзірге бұл шартты бір адам ғана орындай алған. Мартин Смит есімді адам басшылық жасайтын Jesters Diner’s кафесі туралы газеттерде жазылғалы бері, оның бизнесі одан әрі гүлдене түсіп, келушілердің қарасы әдеттегіден бірнеше есеге көбейіп сала берген.
Ал тамақты соңына дейін тауысып жей алған Пинто есімді азамат екен. Ол 26 минуттың ішінде 12 бекон, 12 сосиска, 6 жұмыртқа, 4 шұжық, 4 май жағылған нан, 4 қуырылған нан, қызанақ қосылған 8 амлет, қуырылған картоп, саңырауқұлақ және қызанақты тауыса алған. Рекорд орнатқан оның салмағы 70 келі екен. Алайда, осыншама таңғы ас оған қатты әсер етпепті. Ол бұл ұсынысты жәй ермек ретінде қабыл алған.
Кафе қожайынының айтуынша, әлі күнге денсаулық сақтау қызметкерлерімен ешқандай проблема болмаған. Бір мәрте, семіздікпен күрес ұлттық форумына қатысушы Дэвид Хэслам атты профессор, калориясы көп таңғы астың берілуі тоқтату керек деген мәселе көтерген екен.