Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Американдық әлемдегі ең семіз әйел болуды армандаған (фото)

Пэтти Санчес артық салмақ қосу жолында ондаған жылдарын құрбан етті. Тек өзінен кіші ер адамға ғашық болғаннан кейін ғана әйел алғашқы ойынан бас тартып, салмақ тастауға бел буған.

Patty-and-Bryan-sitting-down-to-eat

Пэттидің жаңа сүйіктісі 38 жастағы Брайан Джонсон оған артық салмақтан арылуға көмектесіп жүр. Ол үшін күнделікті жаттығулар жасатқызып, йогамен айналысуға итермеледі, деп хабарлады The Mirror.

Пэтти: «Брайан менің өмірімді түбегейлі өзгертті. Мұндай махаббатты мен бұрын-соңды басымнан өткерген емеспін», – дейді. Пэттидің айтуынша, Брайан оның өмірге деген құштарлығын қайта оятқан.

Patty-pictured-with-her-parter-Bryan-and-a-nutritionist

Пэтти әлемдегі ең семіз әйел атануды көздеген. Ол майлы да тәтті тағамдарды жеу арқылы күніне 13 мың калорий тұтынып отырған. Бірақ Брайанмен кездескеннен кейін бәрі де кері қарай өзгерген.

Алғашқыда Пэтти мен Брайан бір-біріне хабарлама жіберіп, виртуалды әлемде араласқан. Брайанның ғашығы оның сондай көргенді, тәрбиелі жігіт екенін айтты.

Patty-Sanchez-measures-herself-at-home

“Бір-бірімізді бірден ұнаттық. Ол толық әйелдерді ұнатады және салауатты өмір салтын құптайды. Сол себепті ол менің көп қозғалуымды қадағалап отырады”, – деп атап өтті Пэтти.

Patty-Sanchez-at-home

Екеуі алты ай бойы смс-хат арқылы сөйлесіп жүргеннен кейін бірге тұруға шешім қабылдаған. Содан кейін небәрі үш айдың ішінде Пэтти 40 келіге жуық салмақ тастапты.

«Брайан көлемді әйелдерді ұнатады және екеумізге ортақ дүние көп», – деп түсіндірді әйел.

Күн сайын Брайан мен Пэтти йогамен және ауыр атлетикамен айналысады. Одан бөлек екеуі бірігіп денсаулыққа пайдалы диеталық тағамдар әзірлейді. Сондай-ақ, жұп көптеген калорийлардан төсек қатынасы арқылы арылатынын мойындады.

Patty-snuggling-up-to-Bryan-at-home-in-Reno

Брайан: «Пэттидің салмағының тым көп болуының себебінен кейбір шектеулер бар, дегенмен де біз қолдан келгеннің бәрін жасаймыз», – деді.

Дене бітімі өзгеріске ұшыраса да, Брайан Пэттиге деген сезімінің өзгермегенін айтуда. Ол үшін ең маңыздысы – сүйіктісінің денсаулығы.

Patty-visiting-a-nutritionist

«Ол көп салмағын жоғалтып алады деп қорықпаймын. Мен әркез толық әйелдерді ұнататынмын. Пэттиммен бірге болуымның себебі де осыдан», – деп атап өтті Брайан. Ал Пэтти балаларының оның жаңа сүйіктісін жақсы көріп кеткенін алға тартты:

«Балаларым менің бақытты жүзімді көргендеріне риза. Ол үшін біз Брайанға қарыздармыз».

Әйел сүйіктісімен бірге ұзақ әрі бақытты ғұмыр кешетініне сенімді.

«Қазір өзімді өте жақсы сезінемін және өзіңді бағалайтын ер адаммен бірге болудың сондай ғажап екенін айтқым келеді», – дейді ол.

Patty-and-Bryan-cuddle-up

Жұп заңды түрде некеге тұруды және алдағы өмірлерін бірге өткізуді жоспарлап отыр.

“Қаншама жылдарды салмақ қосып, басқаларға жағу үшін өткіздім. Енді өзім үшін өмір сүремін», – деп атап өтті Пэтти.

Томпақ әйел әрі қарай да салмақ тастау жолында аянбай еңбек етпек.

“Мен мүгедектер арбасында отырып тұрмысқа шыққым келмейді. Күйеуім атанған сәтте өзім сүйетін жанның қасында тұрғым келеді», – деді ол.

Жіберіп алмаңыз: 

Әлемдегі ең семіз бала арықтап, мектепке қатынай бастады (фото)

Индонезияда әлемдегі ең семіз бала диетаға отырды (фото)

Мексикада әлемдегі ең семіз адам дүние салды

Ұйқы қанбауы семіздікке алып келеді

Талқылау