Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемдегі ең қымбат дәріні еккеннен кейін Қазақстан мен Ресейде екі бала көз жұмды

Швейцарияның Novartis компаниясы Ресей мен Қазақстанда Zolgensma препаратымен жұлын бұлшықетінің семуін емдеу кезінде екі баланың көз жұмғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости порталына сілтеме жасап. 

Zolgensma әлемдегі ең қымбат дәрі болып саналады. Бір дозаның бағасы 2 миллион доллардан асады.

Рейтер агенттігі Novartis компаниясының мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып, Ресей мен Қазақстандағы екі баланың өліміне не себеп болғанын да жазды. Zolgensma-ны еккеннен кейін бес-алты апта өтке соң, балаларда өткір бауыр жетіспеушілігі басталған. Соның салдарынан екеуі де көз жұмды.

Жұлын бұлшықетінің семуі тұқым қуалайтын ауруларға жатады. Осы уақытқа дейін науқас балалар өмір бойы қымбат дәрілерді ішіп келген. Алайда олардың 50 проценті екі жасқа да жетпей, мерт болады. 

Ал "Zolgensma" препаратының бір дозасы ауруды тоқтатады. Оның құрамында SMN1 генінің көшірмесі бар. Ол адам ағзасындағы кемістігі бар генді алмастырады.

Айта кетсек, "Zolgensma" препаратын швейцариялық "Novartis" компаниясы шығарады. Бұл дәрі Гиннестің рекордтар кітабына әлемдегі ең қымбат препарат ретінде енген.

Талқылау