Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемдегі ең қауіпті шыңда қарға батып қалған альпинист қыз құтқарылды (видео)

Әлемдегі ең қауіпті тауда жоғалып кеткен француздық альпинист қыз Гималайдың Нанга-Парбат шыңынан табылды. Ал, жоғалған екінші альпинисті іздеу жұмыстары тоқтатылды.

Бұл туралы Euronews хабарлады.

Альпинистер Нанга-Парбат шыңында бір түн қалып, таңертең төмен түсуге тырысқан. Бірақ бұл әрекеттері іске аспаған.

Польша альпинисті Томаш Мацкевич пен Франция альпинисті  Элизабет Револь Гималайдың солтүстік батысындағы шыңдарының бірінде, 7400 метр биіктікте қарға батып кеткен.

28 қаңтарда 6700 биіктіктен Пәкістанның тікұшақтары күндіз жоғалған альпинистерді байқап, оларды құтқаруға польшалық альпинистер аттанған.

Нанга-Парбат таулары  әлемдегі ең қауіпті шыңдардың бірі.  Өткен жылы маусым айында оны бағындырмақ болған екі альпинист қаза болған еді.

Тағы оқыңыз:

АҚШ-та жоғалып кеткен модельдің бөлшектелген денесі екі шабаданның ішінен табылды

Тәжікстан елге “халал емес” ет өнімін кіргізуге тыйым салды

Ресейде мас ер адам 10 айлық сәбиін терезеден лақтырып жіберді

АҚШ-та мектеп білімінен көңілі қалған ер адам қызына қару ұстауды үйретіп жүр

Талқылау