Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тәжікстан елге “халал емес” ет өнімін кіргізуге тыйым салды

Тәжікстан ветеринарлық бақылау қызметі ет өнімдерін жеткізумен айналысатындардың барлығына “халал емес” деп танылған өнімдерді елге кіргізбуге болмайтыны туралы ескертті деп хабарлайды Азаттықтың Тәжік қызметіне (Озоди радиосы) сілтеме жасап “Азаттық” радиосы.

Мұсылман салт-жоралғысы бойынша дайындалған және құрамында мұсылмандардың тағамына қосуына тыйым салынатын заттар жоқтар ғана “халал өнім” болып саналады.

Мемлекеттік ветеринарлық бақылау қызметі бастығының орынбасары Тоджибек Норовтың Озоди радиосына айтуынша, бұдан былай шетелде дайындалған әлгіндей өнімдерден Тәжікстан билік орындарының аккредитациясы барын ғана елге енгізуге рұқсат етіледі.

“Рұқсат алу үшін біздің мамандар шетелдік кәсіпорындардағы өндіріс процесін көзбен көруі тиіс. Бұған қоса ол өнімдерде “Халал” таңбасы болуы шарт. Осы талаптарды орындағандар ғана Тәжікстанға өз өнімдерін әкеле алады”, – деген Норов.

Тәжікстан биліг орындары елге әкелінетін ет өнімдеріне талап күшейгені туралы шетелден өнім жеткізушілерді хабардар еткен. Россельхохнадзор сайтындағы хабарламада Тәжікстанға мал өнімдерін сатуға мүдделі тұлғалар бұдан былай сол елдің ауыл шаруашылығы министрлігі мамандарының міндетті инспекциялық тексеруінен өтуі тиіс екені айтылған. Инспекция барысында өнім сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын талаптардың орындалуы тексеріледі. Өкілдетті орган соның қорытындысы негізінде талапқа сай деп танылған өнімді Тәжікстанға сатуға бес жыл мерзімге аккредитация береді.

Тәжікстанға ет өнімдері негізінен Үндістан мен Ресейден, шағын бөлігі – Түркия мен Қазақстаннан жеткізіледі. Иранмен қарым-қатынасқа кірбің түскеннен кейін Тәжікстан билігі ол елден құс өнімдерін әкелуге тыйым салған. Оған дейін Тәжікстанды өнімнің осы түрімен негізінен Иран қамтамасыз етіп келген.

Тәжікстанда халал стандарты 2013 жылы енгізілген. Қабылданған ережеге сәйкес, ет өнімдері “Тәжікстандарт” мекемесінің мұқият тексеруінен өткізілгеннен кейін ғана”халал” стандартына сай деп танылады.

Оқи отырыңыз:

Ресейде мас ер адам 10 айлық сәбиін терезеден лақтырып жіберді

АҚШ-та мектеп білімінен көңілі қалған ер адам қызына қару ұстауды үйретіп жүр

Ресейде мейірбикелер ауыр халдегі науқасты көшеге шығарып, тастап кетті (видео)

Талқылау