Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемдегі ең ықпалды әйел анықталды

Еуропалық комиссияның төрағасы Урсула фон дер Лейен екінші жыл Forbes нұсқасы бойынша әлемдегі ең ықпалды әйел атағын алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: forbes.com

Ол саясаттағы, шоу-бизнестегі, кәсіпкерлік пен IT саласындағы ең беделді 100 әйелден тұратын тізімде көш бастады. Урсула фон дер Лейен 2019 жылдан бері Еурокомиссия төрағасы қызметін атқарып келеді. Еурокомиссия басшысы тарихтағы мұндай жоғары лауазымды атқарған алғашқы әйел.

Екінші орында Еуропа орталық банкінің президенті Кристин Лагард, одан кейін АҚШ вице-президенті Камала Харрис пен Италия премьер-министрі Джорджия Мелони тұр.

Forbes пікірінше, ең ықпалды әйелдерден құралған саясаткерлер саны әлемді өзгертеді. Сонымен қатар жаңа экономика мен заңнаманы қалыптастыруда шешуші рөл атқарады.

Үздік бестікті әнші Тейлор Свифт аяқтады. Ол Forbes нұсқасы бойынша Eras турынан 850 миллион доллар табыс тапқан. Айта кетейік, Тейлор өткен жылы тізімде 79-орында болған. 33 жастағы әнші өзінің гастрольдік сапарымен Американың қазынасын 5 миллиард долларға толықтырғаны атап өтілді.

Тізімдегі танымал медиа тұлғалардың арасында Опра Уинфри (31-орын), Бейонсе (36-орын) және Рианна (74-орын) мен Барби қуыршақтары (100-орын) бар.

Талқылау