Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемдегі ең биік ғимаратта Қазақстанның туы бейнеленді

Біріккен Араб Әмірліктерінде орналасқан әлемдегі ең биік ғимарат  – "Бурдж - Халифа"(828 метр) Қазақстан туының бейнесімен безендірілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сәулетті ғимаратта қазақтың көк байрағы бейнеленуі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған ерекше құттықтау болды. Әсерлі видео "Бурдж Халифаның" Instagram-дағы ресми аккаунтында жарияланды. Бұған қоса Дубай тұрғындары мен қонақтары Қазақстанның әнұранын тыңдады.

"Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Бурдж-Халифаның алауын жағып жатырмыз. Оларға өркендеу пен бейбітшілік тілейміз", - делінген видеоның астында.

 

Гүлдана Қазтай
Сенбі, 17 Желтоқсан, 2022 08:49
Талқылау