БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлемдегі ең бай миллиардердің әйелі жарты байлығынан бас тартты

Amazon-ның негізін қалаушы Джефф Безостің бұрынғы әйелі Маккензи ажырасудан кейін түскен 37 миллиард долларлық табысының кем дегенде жартысын қайырымдылыққа бермекші.

makkenzi

Маккензи Безос мамыр айында ұйымға қосылды.

"Менде бөлісе алатын ақысыз мөлшерім бар. Алдағы уақытта да қайырымдылық жасайтын боламын", - дейді ол.

Джефф Безос бұрынғы әйелінің шешімін мақтан тұтатынын айтты.

Джефф Безос әйелімен 2019 жылдың қаңтарында ажырасатыны туралы жариялады. Оған бұрынғы тележүргізуші Лорен Санчеспен кездесіп жүргені себеп болды. Заң бойынша, ерлі-зайыптылар мүлікті, соның ішінде неке уақытындағы алған табысын бөлуі керек. Джефф пен Маккензи неке шартын жасасқаны не жасамағаны белгісіз.

Тараптардың келісімге келгені сәуірдің басында белгілі болды. Ажырасудан кейін Джефф Безос Amazon акциясының 75 пайыздық және The Washington Post, Blue Origin-дағы барлық үлесін бұрынғы әйеліне қалдырды. Маккензидің табыс 36,6 миллиард долларды құрады. Ол осы табыспен миллиардерлердің рейтингінде 22-орынға ие. Джефф Безос 144 миллиард доллар табысымен ажырасудан кейін де бірінші орында тұр.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр