Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемдегі ең бай адам тағы да рекорд орнатты

Әлемдегі ең бай адам - Amazon компаниясының басшысы Джефф Безостың байлығы 182,6 миллиард долларға жетіп, тарихи рекордты жаңартты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Forbes-ке сілтеме жасап.

Әлемдегі ең бай адам коронавирус кезінде 24 миллиард доллар тапты

26 жыл бұрын құрылған электрондық коммерция басшысы Джеффри Престон Безостың Amazon-дағы акциялары сәрсенбі күні түстен кейін бұрын-соңды болмаған деңгейге дейін өсіп, компанияның нарықтық капитализациясын максималды 1,54 триллион долларға дейін көтерді. Компанияның 11,1 пайызын иеленген Безостың қаржысы рекордтық $ 182,6 миллиард долларға жетті дегенді білдіреді", - деп жазды сайт.

Сонымен бірге, шілде айының басында Bloomberg ақпарат агенттігі Bloomberg Billionaires Index (BBI) рейтингісіне сүйене отырып, Безостың байлығын 171,6 миллиард долларға жеткенін хабарлады.

Осылайша, шілде айының басынан бастап индикатор екінші рет рекордты жаңартты.

РИА Новости хабарлағандай, мұндай жағдай Amazon акцияларының тұрақты өсуі аясында байқалады - бейсенбіде ол 2,7 пайызға артып, рекордты 3081,11 долларға жетті, ал компанияның капиталы 1,54 триллион долларға дейін өсті. Безос 2017 жылдан бері Forbes-тің ең бай адамдар тізімінде.

Мамыр айында Comparisun шағын бизнес консалтингтік компаниясы Безостың 2026 жылға қарай бір триллион доллар байлығы бар алғашқы адам болуға барлық мүмкіндігі бар деген болжамын жариялады.

Талқылау