Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемдегі ең бақытты адам күйзелістен құтылудың жолымен бөлісті

Әлемдегі ең бақытты адам ретінде саналатын тибет монахы Матье Рикар дүниеде өзін күйзелтетін нәрселер бар екенін мойындады.

Cantines-Matthieu-Ricard-suggere-une-alternative-vegetarienne

Фото: lemde.fr

Бұл туралы The Independent хабарлайды.

Рикарды бәрінен бұрын қинайтыны журналистердің оған ең бақытты адам деген атақ беруі екен. Ол мұны ақылға сыймайды деп, олай атамауды сұрайды. “Мен әлдеқайда бақытты монахтарды білемін” дейді ол.

Ол адамды бақытты ететін нәрсе ақпейілділік пен өзгеге деген қамқорлық дейді. Сондай-ақ, ол туралы күніне бір мәрте жақсылық туралы ойлауға 15 минут уақыт бөлу керек екенін де айтты. Ал өзіңді әрдайым өзгелермен салыстыру кері әсерін тигізбек. “Салыстыру бақытты өлтіреді”, – деп санайды монах. Оның сөзінше бақыт дегеніміх – жаттықтырып дамыта алатын күнделікті жақсы әдет.

Рикар бірнеше күн бойы қатарынан дұға жасайды. 2008 жылы оны сынақтан өткізген Висконсин университетінің ғалымдары медитация кезінде оның денесіне 256 сенсорды қосқан. Тәжірибе барысында Рикардың миынан таралған гамма сәулесінің таралу деңгейі оны ең бақытты адам деп айтуға себеп болған.

Француз отбасында дүниеге келген монах Непалдағы монастырлардың бірінде тұрады. Оның “Монах және философ” деп аталатын әлемнің 21 тіліне аударылып, әлемдік бестселлерге айналған.

Жіберіп алмаңыз:

22 жастағы алматылық ару қалталы азамат іздейтінін айтып өзін саудаға шығарды (фото)

Ағылшын жігіті қырғыз қызына қол жеткізу үшін ислам дінін қабылдап, қалыңмал төлеген

Сирияның бұрынғы министрінің немересі сән-салтанатқа толы өмір сүруде (фото)

Досын өлтірген Сауд Арабиясы ханзадасы өлім жазасына кесілді

Талқылау