Ағылшын жігіті қырғыз қызына қол жеткізу үшін ислам дінін қабылдап, қалыңмал төлеген

Сәрсенбі, 19 Қазан , 2016 10:48

Etihad Airways әуе компаниясының стюардессасы Жанна ағылшын жігіті Ибрагиммен Алматы-Әбу-Даби рейсі кезінде танысыпты. Ибрагимге көрікті қырғыз қызы ә дегеннен ұнап қалған.

4cbf9f0b711ba07545af399892f362b82

Бұл туралы Limon.kg хабарлайды.

Бір көріп ғашық болған сұлу қызға қол жеткізу үшін Ибрагим ислам дінін қабылдап, көп ұзамай-ақ екі жас көңіл жарастырған. Олардың тойлары Парсы шығанағындағы Шейх Заид мешітінің қасында дүркіреп өткен.

4d9f8ae56cf3677c974ba9a112bea958_1

Бірнеше ұлттың басын қосқан тойға 200-ден астам қонақ келген. Қыздың құрбыларының өзі алты елдің өкілдері, яғни алты стюардесса. Алдымен таңертең мұсылман салты бойынша неке қиылған. Мұнан соң европалық дәстүрге сай әкесі қызын күйеу балаға ұзатқан. Дін қызметкері болып істейтін Ибрагимнің әкесі неке сақинасын тағу және ант беру рәсімдерін жүзеге асырған.

7b7fe5558db2bef73d4c69d07b3d2fdd

Келіннің ата-анасы Ибрагимнің ата-анасына киіт кигізген. Ал оның ата-анасы өз кезегінде қалыңмал мен арнайы сыйлық тарту етіпті. Той екі халықтың үздік салт-дәстүрлерін қатар қолдану арқылы өткізілген. Қазір Жанна күйеуімен бірге Біріккен Араб Әмірліктерінде бақытты тұрып жатыр.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар