Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемдегі ең үлкен қолтырауын өзінің тұқымдасын өлтіріп, оның құйрығын жеп қойды

Австралияда үлкен қолтырауын өзінің кішігірім тұқымдасын өлтіріп, оның құйрығын жеп қойған. Бұл көріністі 49 жастағы Билл Ян 16 жастағы ұлы Митчеллмен Солтүстік аумақтағы Дарвин қаласына жақын орналасқан Дэйли өзенінде балық аулап жүрген кезде видеоға түсіріп алған.

Әлемдегі ең үлкен қолтырауын өзінің тұқымдасын өлтіріп, оның құйрығын жеп қойды

Онда бес метрлік тарғыл қолтырауын  ұзындығы  үш метр болатын австралияның тар көзді қолтырауының құйрығын жеп жатыр екен. Бұл туралы The Mirror басылымы хабарлады, деп жазады   Stan.kz ақпараттық агенттігі.

«Біз өзен бойымен жүзіп бара жатқанда, аппақ тіршілік иесін көрдік. Оның маңын құстар торлап алған. Біз бастапқыда оны балық деп ойлап қалдық. Бірақ жақын барған кезде, оның қолтырауын екеніне көзіміз жетті», – деді Ян.

Бес метрлік жорғалаушы олардың көзінше өзінен сәл кішірек қолдырауынды өлтіріп, оны екіге бөліп тастады. Ол алдымен тұқымдасының құйрығын, содан кейін қолын жей бастаған.

«Біз одан 10-12 метр қашықтықта отырдық. Қолтырауын өзінен кішігірім тұқымдасының сүйектерін қыртылдадып жеп жатты», – деді ол.

Тарғыл қолтырауын – дүние жүзіндегі ең үлкен жыртқыштарының бірі. Ол адам үшін қауіп жорғалаушы болып табылады.

Оқи отырыңыз:

Алматыда үй мысығы тиіннің баласын асырап алды

Бойжеткен 120 жылдық тарихы бар той көйлегін киген 11-ші отбасы мүшесі болды

Әкесі телефоннан бас алмайтын балаларымен сөйлесу үшін YouTube желісінен арна ашты

Инеге жіп өткізудің оңай әдісі табылды

Талқылау