Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемдегі бақытты ел тұрғындары анықталды: Қазақстандықтар үздік елудің қатарында

Финляндия алтыншы жыл қатарынан Дүниежүзілік бақытты халық рейтингінде бірінші орында тұр. Қазақстан 137 елдің арасында 44-ші орында деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Рейтингті World Happiness Report жасады.

Ең бақытты елдердің алғашқы ондығына кірді:

Финляндия
Дания
Исландия
Израиль
Нидерланды
Швеция
Норвегия
Швейцария
Люксембург
Жаңа Зеландия

Литва алғаш рет үздік жиырма елге кірді. Қазақстан үздік елу елдің қатарында.

Соғыстан зардап шеккен Ауғанстан мен Ливан ең бақытсыз ел болып қала береді. Украина 92-ші орында тұрған.

"Соғыстың салдары барлығына айқын. Бірақ таңқаларлығы, украиналықтардың әл-ауқаты 2014 жылмен салыстырғанда жақсырақ. Өйткені соғыс оларды халық ретінде біріктіріп, өзара жолдастық, қамқорлық сезімдерін дамытты", – деді зерттеу орталығының жетекшісі әл-ауқатты зерттеу, Оксфорд университетінің профессоры Жан-Эммануэль де Нев.

Бақытты елдер рейтингінде Ресей 70-ші, Өзбекстан 54-ші, Қырғызстан 62-ші орынға ие болды. 

Талқылау