Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Әлемде мұнай бағасы 3,71%-ға өсті: АҚШ пен ОПЕК ұйымының арасында дау туды

Brent маркалы мұнайдың бағасы өткен жұма, 7 қазан күні 3,71%-ға өсіп, тамыз айының соңынан бері алғаш рет барреліне 97,9 долларды құрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

мұнай

Баға белгілеулерінің өсуіне негізінен ОПЕК+ нарықтағы сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігін қолдау шаралары, сондай-ақ энергия көздерінің жоғары бағасы ықпал етіп отыр. Осындай әрекеттерімен ОПЕК+ Ақ үйдің "көңілін қалдырды".

Атап айтқанда, АҚШ президенті Джо Байден ОПЕК+ ұйымының мұнай өндіру квотасын азайту туралы шешіміне байланысты АҚШ-та жанармай бағасы көтеріле бастағанын айтты. Бұл ретте Демократиялық партияның бір топ заң шығарушылары ОПЕК+ ұйымының мұнай өндіруді қысқарту туралы шешіміне жауап ретінде Сауд Арабиясы мен БАӘ-ден АҚШ әскерлері мен әуе қорғаныс жүйелерін шығару туралы заң жобасын ұсынды.

Ақберен Амангелді
Дүйсенбі, 10 Қазан, 2022 15:46
Талқылау