Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемде коронавирусты қайта жұқтырғаннан кейінгі алғашқы өлім тіркелді

Нидерландыда COVID-19 коронавирустық инфекциясын қайта жұқтырған науқастың өлімі тіркелді. Бұл - дүниежүзінде қайта жұқтырғандар арасындағы алғашқы өлім.

коронавирус

Ол туралы Оксфорд университеті баспасының сайтында жарияланған голландиялық дәрігерлердің есебінде жазылған.

"Біз Нидерландтың Валденстром ауруымен ауыратын және анти-В-жасуша терапиясын алған 89 жастағы азаматшасының қайта жұқтырғанын хабарлаймыз", - делінген дәрігерлер хабарламасында.

Әйел ауруханаға жоғары температурамен, қатты жөтелмен жеткізілді, коронавирус сынағы оң нәтиже көрсетті.  Бес күндік емдеуден кейін аздап әлсіздіктен басқа аурудың барлық белгілері байқалмай, науқас үйіне жіберілген.

Бірақ екі айдан кейін оның қайтадан температурасы көтеріліп, жөтел және ентігумен ауруханаға түсті. COVID-19 сынағы тағы да оң болды.

Сегіз күннен кейін науқастың жағдайы нашарлай бастады, екі аптадан кейін ол көз жұмды.

BNO басылымының хабарлауынша, бұл коронавирустың қайталанған ауруынан кейінгі әлемдегі алғашқы өлім.

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 ауруының қайта жұқтыру жағдайын зерттейтін арнайы топ құрғанын хабарлады.

STAN.KZ
Сейсенбі, 13 Қазан, 2020 07:30
Талқылау