Әлемде коронавирустан көз жұмғандар саны миллионға жуықтады

Джон Хопкинс университетінің мәліметінше, әлемде коронавирустан көз жұмған адамдар саны бір миллионға жуықтады,  деп Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

коронавирус

Жалпы інденттен көз жұмғандар саны 996 096-ға жетті. Бұл ретте коронавирус жұқтырғандар саны - 32 992 223 адам.

Вирустың таралуы бойынша әлемде бірінші орында АҚШ (7 110 781 адам жұқтырған), екінші орында Үндістан (5 992 532 адам жұқтырған) және үшінші орында Бразилия (4 717 991) тұр.

Ал Worldometer порталының мәліметтері бойынша, өлімнің жалпы саны 1 000 202-ге дейін жетті. Мұнда да вирустың таралу деңгейі бойынша АҚШ әлемде бірінші орында (7 294 032 адам жұқтырған, 209 236 өлім), одан кейін Үндістан (6 041 638 адам жұқтырған, 94 971 өлім), үшінші орында Бразилия (4 718 115 адам жұқтырған, 141 441 өлім) тұр.

Портал деректеріне сәйкес, пандемия басталғаннан бері әлемде барлығы 33 миллион адамнан COVID-19 анықталған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, әлемде барлығы 32 730 945 адам коронавирус жұқтырған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр