Ғалымдар әлемде қатерлі ісік дерті жастар арасында жиілегенін айтып дабыл қақты
Соңғы 20 жылда әлемде жастар арасында қатерлі ісік жиі анықтала бастаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Wall Street Journal басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Мамандардың айтуынша, қатерлі ісік 50 жасқа дейінгілер арасында жиі анықтала бастаған екен. АҚШ-та 2000 және 2019 жылдар арасындағы бұл көрсеткіш 12,8%-ға артыпты. Дәл осындай тенденция Аустралия мен Батыс Еуропа елдерінде байқалып отыр.
АҚШ-тағы Мемориал Слоан Кеттеринг онкологиялық орталығының маманы Андреа Черчектің пайымдауынша, қатерлі ісік анықталғна науқастардың орташа жасының азаюы қоршаған ортадағы өзгерістер, тамақтар мен дәрі-дәрмекке байланысты болуы мүмкін. Сонымен қатар дәрігер бұл факторлар әлемде қалыптасқан жағдайды толық түсіндіре алмайтынын атап өтті.
Андерсон онкологиялық орталығының колоректальді ісік бойынша хирургі Нэнси Ю нақты диагноз қойылмайынша науқастардың денсаулығында ешқандай кінәрат байқалмайды екен.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн