Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемде кәмелет жасқа толмағандар арасында зорлық-зомбылыққа тап болғандардың саны айтылды

Екі немесе он жеті жас аралығындағы бір миллиардқа жуық кәмелетке толмаған балалар 2019 жылы зорлық - зомбылықтың қандай да бір түріне тап болған. Бұл туралы БҰҰ балалар қоры жариялаған есепке сілтеме жасап ТАСС хабарлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Құжатқа сәйкес, екі жастан төрт жасқа дейінгі 300 миллионға жуық бала үнемі қамқоршыларының тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшырайды. Авторлардың пікірінше, коронавирус індетінің таралуына қарсы қолданылатын шаралар кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық жағдайларының алдын-алуын айтарлықтай қиындатады. Мұндай жағдай ұзақ мерзімді теріс салдарға әкелуі мүмкін. Пандемия балалар денсаулығы мен білім беру саласындағы жетістіктерге нұқсан келтіреді.

Бұған дейін Халықаралық еңбек ұйымы мен ЮНИСЕФ коронавирус пандемиясына байланысты әлемдегі миллиондаған балалар жұмыс істеуге мәжбүр болады деп мәлімдеді. Сонымен қатар, қазірдің өзінде жұмыс істеген кәмелетке толмағандар одан да ауыр жағдайда болуы мүмкін. Эпидемияға байланысты жабылған оқу орындары жұмысын қайта бастағаннан кейін, барлық ата-аналарға балаларының оқуы қаржылайқолжетімді бола бермейді.
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр