Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемде алғаш рет ет жарнамасына тыйым салынды

Нидерланды мемлекетінің Харлем қаласы ет жарнамасына тыйым салды. Жергілікті билік өкілдерінің пайымдауынша, осы заңның көмегімен мал шаруашылығының климатқа әсерін төмендетуге болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Guardian басылымының хабарлауынша, заң 2024 жылдан бастап күшіне енеді. Жарнама қоғамдық орындарда, экран беттерінде жарияланбайды. Харлем қаласы билігінің айтуынша, мал жейтін жемді өсіру үшін тыңайтқыш керек, ал бұл топырақ пен суды ластайды. Ол өз кезегінде қоршаған ортаға зиянын тигізеді.

Заң авторлары қоғамға экологияның маңызы туралы насихаттап, бірақ қоршаған ортаны ластауға себепші болатын өнімдерді жарнамалау қисынсыз екенін айтады.

“Егер адамдар өз үйінде ет жейтін болса, біз оларға тыйым салмаймыз. Бірақ экологиялық дағдарыс кезінде қоршаған ортаны ластауға себепші болатын өнімдерді жарнамалай алмаймыз”, – деді саясаткер Зигги Клазз.

Талқылау