AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемде алғаш рет доңыз жүрегі салынған ер адам көз жұмды

АҚШ-та доңыздың генетикалық түрленген жүрегі салынған ер адам көз жұмды. Мэриленд штаты университетінің аураханасында науқастың 8 наурызда өмірден өткенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Девид

"Айықпайтын жүрек ауруына шалдыққан 57 жастағы Дэвид Беннетт тарихқа доңыздың гендік түрленген жүрегі салынған алғашқы адам ретінде енді. Ол 8 наурызда көз жұмды", – делінген университет ауруханасының мәлімдемесінде. 

Науқастың жағдайы бірнеше күн бұрын күрт нашарлай бастаған. 

“Отадан кейін жүрек бірнеше апта жақсы жұмыс істеді”, – деп қосты мамандар. 



Аурухана мамандары доңыздың гендік түрленген жүрегі жайлы таптырмас мәлімет алынғанын айтты. Олардың сөздерінше, мұндай жүрек иммундық жүйесі "толығымен жойылғанда" ғана адам ағзасымен бірге жұмыс істей алады. 

"Біз әрі қарай да болашақ клиникалық сынақтарда жұмыс істеуді жоспарлап отырмыз", – делінген бағдарлама жетекшісі дәрігер Мұхаммед Мохиуддиннің сайтында. 

Дэвид Беннетке доңыз жүрегі 7 қаңтарда салынған. 7 сағатқа созылған отадан кейін Беннет өзін жақсы сезінген

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр