Әлем президенттерінің талантты балалары (фото, видео)
Қырғыз президентінің кіші қызы Әлия Шагиеваның есімі соңғы бірнеше күннен бері газет-журнал бетінен түспей жатыр. Ол жеке көрмесін өткізіп, түскен барлық қаражатты қайырымдылық қорына аударғаннан кейін танымал болып шыға келген. Мұны көпшілік қолдап, алғыс білдірсе, кейбіреулер жеке басының жарнамасы үшін деп айыптап жатыр.
Бұл туралы zanoza.kg сайты хабарлайды.
Әлия өзінің фесбуктегі парақшасында енді әкесінің атын жамылмай, өзінің тегін ауыстыратынын жазған. Десе де Әлия Шагиевада шынайы талант бар ма, жоқ па оны өздеріңіз қарап баға бересіздер.
Алмазбек Атамбаевтың 22 жастағы ұлы Қадырбек те “Ұлттың оянуы” атты кітап шығарған. Кітапқа жазылған пікір де “автордың соңғы он жылдағы әр елдердегі экономикалық моделдерді салыстырғаны айтылады. Әлемнің экономикалық дамуына көз жүгірткен”.
Қырғызстанның бірінші президенті Асқар Ақаевтың қызы Бермет Ақаева да кітап жазып атын шығарды. Ол балаларға арналған “Мен және менің елім” атты тарихи-этнографиялық циклдың авторы. Осы цикл аясында 2004 жылы қырғыз және орыс тілдерінде “Қырғызстан – менің отаным”, “Қырғызстанның киелі орындары”, “Бабалар дәстүрі”, “Манасшы”, “Батыр” деп аталатын бес том жарық көрген. Елдегі революциядан кейін де Бермет кітап жазды.
Ал Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің үлкен қызы Лейла Әлиеваның бойында да көп талант бар. Ол кино түсіріп, өлең жазады.
ч
Өзінің атасы Гейдар Әлиевке арналған “Элегия” атты өлеңі мектептің әдебиет оқулығына енгізілген. Сондай-ақ, Лейла сурет салып, мүсін жасауды да жақсы көреді.
Жан-жақты дамудың жарқын үлгісі ретінде Гүлнара Кәрімованы да атауға болады. Өзбекстан президентінің үлкен қызы әрлеу дизайнымен кәсіби түрде айналысады.
Сондай-ақ, Гулнара Googosha деген сахналық есіммен де ән салады.
Қазақстан президентінің үлкен қызы Дариға Назарбаева саяси және әлеуметтік жұмысынан бөлек өлең жазып, ән айтады. Оның опералық дауысы меццо-сопрано бағытында.
Назарбаеваның айтуынша, оның дауысын танымал опералық музыка бағытындағы педагог Надия Шәріпова қойған. Шәріпова белгілі опеар әншісі Әлібек Дінішевті де дайындаған екен.
Ал Ресей президенті Владимир Путиннің қыздары туралы сөз қозғағанда тек олардың бар екені және есімдерінің Мария, Екатерина екені ғана белгілі. Сонымен қатар, Екатеринаның спорттық рок-н-роллмен айналысатыны бар. Жуырда журналистер путиннің қызы Катерина Тихонова деген есіммен өмір сүреді деген қорытынды шығарды.
Егер, бұл шын болса онда Ресей президентінің қызы жаман билемейді. Ол Швейцарияда өткен әлем чемпионатында өзінің серігімен бірге 5-ші орында еншіледі.
Францияның экс-президенті Николя Саркозидің ұлы Пьер Саркози шоу-бизнестің адамы. Жасы 30-ға толған Пьер Францияда хип-хоп-продюсер, музыкант және диджей ретінде танымал.
Пьер музыкамен әкесі президент боламын дегенше әлдеқайда біраз уақыт бұрын айналыса бастаған.
Жақыннан бастап жас жігіт Дағыстан тумасы, австриялық модель Аминат Мирзахановамен кездесе бастаған.
АҚШ экс-президенті Джордж Буштың қызы Дженна Буш та кітап жазады. Ол 2007 жылы Латын Америкасының балалары туралы “Ан тарихы” атты кітап шығарған. 2008 жылы ол тағы “Бұл туралы оқыңыз!” кітабын да оқырмандарына ұсынды.
Ал АҚШ-тың қазіргі президенті Барак Обаманың үлкен қызы Малия Обаманың жасы небәрі 17-де. Ол CBS телеарнасы түсірілген сериалда Стивен Спилбергпен бірге жұмыс істеп, режиссердің ассистенті қызметін атқарған. Ол өз болашағын киноиндустриямен байланыстырады.