Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлем чемпионы Бекзат Нұрдаулетов Алматыда өтетін бокс кешінде жекпе-жекке шығады

2019 жылғы әлем чемпионы Бекзат Нұрдаулетов (6-0, 2 KO) Алматы қаласында өтетін "Чемпиондар түні IBА" бокс кешінде өнер көрсетеді.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Олимпиада комитеті

Алматы қаласында бокстан "Чемпиондар түні IBА" халықаралық кәсіпқой бокс кеші өтеді. 27 сәуір болатын бокс кешінде әлем чемпионы Бекзат Нұрдаулетов өзінің екінші жекпе-жегін өткізеді. 80 келі салмақта сынға түсетін былғары қолғап шеберінің қарсыласы әлі белгісіз. "Adal Promotions" промоутерлік компаниясының боксшысы 8 раундтық кездесу өткізеді.

Айта кетейік, Бекзат Нұрдаулетов (6-0, 2 KO) Астана қаласында өткен  "Чемпиондар түні IBА" - "Astana Arlans" турнирінде жұдырықтасып, жеңіліп көрмеген ресейлік Никита Зонды (7-1-1, КО 5) ұтқан еді.  

Талқылау