Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлем чемпионы Айбек Оралбай өзбекстандық Арман Махановпен жартылай финал жолдамасын сарапқа салады

Айбек ОралбайФото:ҚБФ/Айбек Оралбай

Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында бокстан ересектер арасындағы Азия чемпионаты жалғасып жатыр. Төртінші сәуір күні ұлттық құрама сапынан 6 боксшымыз шаршы алаңға шығады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жеңіске жеткен былғары қолғар шеберлері жартылай финалға жолдама алады. 

Күндізгі сессия 09:00, кешкі сессия 14:00 басталады

65 келі. Күндіз. 2-жұп

Қазақстан, Лаура Есенгелді – 

Үндістан,Анкушито Боро

50 келі. Күндіз. 5-жұп

Қазақстан, Санжар Тәшкенбай – 

Үндістан, Вишвантах Суреш

65 келі. Күндіз. 12-жұп

Қазақстан, Ертуған Зейнуллинов – 

Қырғызстан, Мирзохид Иманазаров

75 келі. Кешке. 4-жұп

Қазақстан Валентина Хальзова – 

Оңтүстік Корея Суеон Сонг

60 келі. Кешке. 5-жұп

Қазақстан, Оразбек Асылқұлов – 

Жапония Шунсуке Китомото

+90 келі. Кешке. 9-жұп

Қазақстан Айбек Оралбай – 

Өзбекстан Арман Маханов

Айта кетейік, құрлықтық додаданың аса ауыр салмағында төрт қазақ боксшысы төрт түрлі елдің намысын қорғауда.

Атап айтқанда, Қазақстан атынан Айбек Оралбай, Моңғолия сапынан Бекнұр Қали, Өзбекстан атынан Арман Маханов және Қытай құрамасынан Данабек Байқоныс өзара мықтыны анықтап жатыр. 

1/8 финалда өзбекстандық Арман Маханов моңғолиялық Бекнұр Қалимен қолғап түйістірді. Тартысты жекпе-жекте IBA нұсқасы бойынша 2025 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Арман Маханов жеңіске жетті.

Енді Арман Маханов ширек финалда Айбек Оралбаймен жұдырықтасып, жартылай финал жолдамасын сарапқа салмақ.

Ақерке Өмірхан
Жұма, 03 Сәуір, 2026 23:25