Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлем чемпионы атанған спортшының шын мәнінде ер адам екені анықталды

спортшыФото:instagram.com/blackjack.images

АҚШ-та өткен Strongman Games жарысында чемпион атанған әйел спортшының нәтижесі бірнеше күннен кейін күшін жойды. Кейінірек атлеттің трансгендер екені анықталған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әлем чемпионатынан соң Official Strongman Games осы жағдайға байланысты ресми мәлімдеме жасап, жарыс қорытындылары қайта қаралатынын хабарлады.

Турнир Техас штатының Арлингтон қаласында өтті. Ұйымның дерегінше, жарыс жеңімпазы тіркелген кезде өзінің шын мәніндегі биологиялық жынысын жасырып, өзін әйел ретінде көрсеткен. Сонымен қатар әйелдер арасындағы Open санатында сынға түскен.

"Бұл мәлімет жарысқа дейін де, жарыс кезінде де ресми өкілдерге хабарланбаған. Бұл жағдай белгілі болған сәтте біз шұғыл тексерісті бастадық. Алайда спортшымен байланысу мүмкін болмады, ешқандай жауап алынған жоқ", – делінген Official Strongman Games хабарламасында.

Ұйым өкілдері, егер бұл ақпарат алдын ала белгілі болса немесе жарыс барысында анықталса, спортшы әйелдер санатына жіберілмейтінін айтты.

Ережеге сәйкес, атлеттер тек дүниеге келген кездегі биологиялық жынысына сәйкес келетін санатта өнер көрсете алады. Ұйым барлық қатысушыларды құрметтейтінін және ешкімге жеке қасиеттері үшін қысым жасамайтынын атап өтті. Бірақ әділ бәсеке – басты талап.

Осы себепті аталған спортшы 2025 жылғы Official Strongman World Championships жарысына қатысу құқығынан айырылды. 

Енді қайта әйелдер Open санатының нәтижелері қайта есептеліп, жүлделі орындар жаңартылатын болды.

Ақерке Өмірхан
Бейсенбі, 27 Қараша, 2025 14:53
Талқылау