Әлем чемпионы атағы: WBO Әлімханұлына қатысты жаңа шешім қабылдады
Дүниежүзілік бокс ұйымы Жәнібек Әлімханұлына қатысты жаңа шешім қабылдады. Бұған дейін орта салмақтағы WBO белбеуінің иегері Деметриус Андраде чемпиондық атағын қорғау үшін жекпе-жектен бас тартқан еді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Андраде өз белбеуінен бас тартқан соң 24 сағаттан кейін боксшының "уақытша" белбеу үшін жекпе-жек өткізу туралы өтініш қабылдаған. Андраде суперорта салмаққа ауысатынын және 168 фунтта Зак Паркермен кездесуді ұсынған.
Енді қос боксшыға 10 күн беріледі. Олар бұл уақытта келісімге келуі керек, болмаса промоутерлік сауда тағайындалады. Жекпе-жек 21 мамырда Англияда өтеді.
Осылайша Жәнібек Әлімханұлы WBO нұсқасы бойынша толыққанды чемпион атанды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”