Әлем чемпионаты-2019: Қазақстанның хоккейден жастар құрамасы алғаш рет жеңіске жетті (видео)
Қазақстанның хоккейден жастар құрамасы 2019 жылғы Әлем чемпионатында жеңіске жетті. Даниялықтармен өткен ойын 4:3 есебімен аяқталды.
Хоккейден отандық жастар құрамасы 2019 жылғы Әлем чемпионатының ынталандыру раундында даниялықтармен кездесіп, жеңіске жетті, деп хабарлайды Sports.kz порталына сілтеме жасап Stan.kz.
Қазақстан құрамасының құрамында Олег Бойко (2-минутта), Ернар Мұсабаев (12-минутта), Саян Данияр (34-минутта) және Артур Гатиятов (49-минутта) шайба салып, көзге түсті.
Қазақстандық команда ертең, 4 қаңтарда, Дания құрамасына қарсы тағы бір ойын көрсетеді. Ойын Астана уақыты бойынша сағат 23:00-де басталады.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ