Әлем чемпионатының жартылай финалында өзбек балуанына есе жіберген Мерей Мәулетқанов қола жүлде еншіледі
Фото:Olympic.kz
Сербияның Нови-Сад қаласында күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Грек-рим күресінен 72 келіде сынға түскен Мерей Мәулетқанов қола жүлдеге таласуға мүмкіндік алды. Үшінші орын үшін тартыста ол бейтарап ту астында белдескен Данил Григоревті айқын басымдықпен ұтты.
Мерей жарыс жолында Болгария елінің өкілі Сергей Стоевті 8:0 есебімен тізе бүктірген. Артынша түркиялық балуанды 9:0 ұпайымен ойсырата жеңді. Алайда отандасымыз жартылай финалда өзбек балуанына 1:3 есебімен есе жіберді. Естеріңізге салсақ, 22 жастағы Мерей Мәулетқанов өткен айда ересектер арасындағы жоғарғы деңгейде өнер көрсетіп, 5-орынға тұрақтаған. Ол сол додада Париж Олимпиадасының жүлдегерін ұтып, сенсация жасаған еді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

