Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлем чемпионатында отандасымыз Болат Сақаев еркін күрестен қола жүлдеге таласады

Сербия астанасы Белград қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында еркін күрестен Болат Сақаев (79 келі) қола жүлдеге таласады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

(фото –  bassport.kz)

Қазақстандық балуан алғашқы белдесуінде канадалық Джасмит Пхулканы 12:1 есебімен тізе бүктіріп, одан кейін болгариялық Михаил Георгиевті 7:0 есебімен ұтты.

Ал ширек финалда грузиялық Владимир Гамкрелидзеге есе жіберіп қойды.

Одан кейінгі жұбаныш белдесуінде грузиялық латвиялық Аланс Амировсты 4:1 есебімен жеңді. Енді ол қола жұлдеге таласуға мүмкіндік алды. Қарсыласы - украиналық Валентин Михайлов.

Айта кетсек, бұдан бұрын әлем чемпионатында еркін күрестен Азамат Дәулетбеков (86 келі) қола жүлдегер атанды.

Сондай-ақ, ел құрамасынан еркін күрестен Ризабек Айтмұқан (92 келі) финалға жолдама алды. Ол бүгін финалда финалда әзербайжандық Осман Нурмагомедовпен кездеседі.

Оған қоса Мейрамбек Қартбай (57 келі) 3-орын үшін сынға түседі.

Әлем біріншілігінің финалдық белдесуі сағат 22:00-ден бастап "Qazsport" телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 18 Қыркүйек, 2023 21:49
Талқылау