Әлем чемпионаты: Богданова мен Зейнуллинов сенімді жеңіске жетті
Фото: boxingkazakhstan
Ливерпульде өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық боксшылар сәтті өнер көрсетуде. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жарыстың кезекті күні Ертуған Зейнуллинов пен Наталья Богданова жеңіске жетіп, келесі кезеңге жолдама алды.
65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Ертуған Зейнуллинов француз боксшысы Уго Граумен кездесіп, тартысты жекпе-жекте басым түсті. Төрешілер бірауыздан қазақстандық спортшының пайдасына шешім шығарып, кездесу 5:0 есебімен аяқталды. Бұл жеңіс Зейнуллиновке 1/8 финалға шығуға мүмкіндік берді.
Ал әйелдер арасындағы 70 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Наталья Богданова үндістандық Тхокчом Суприя Девимен рингке шығып, қарсыласын сенімді түрде ұтты. Жекпе-жек 5:0 есебімен қазақстандық спортшының жеңісімен аяқталып, ол ширек финалға жолдама алды.
Талқылау

“50 жыл басқа елде тұрған ата-анам артымнан еріп, көшіп келді”: Қазаққа келін болып түскен корейлік ару жаңа отбасы туралы айтып берді
Екатерина Жанғарина: "Екі үлкен шәугім сүті бар шай беріп, "құя бер" деді"

Желіде тілі шықпаған баланы қой ішегімен қылқындырғандардың видеосы тарады: Логопед-дефектолог ырымның үлкен қаупін айтты
Балаға психологиялық әрі физикалық қауіп төнеді