Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлем бойынша миллиондаған халық коронавирусқа байланысты еттен бас тартып жатыр

Коронавирустық пандемияға байланысты жан басына шаққандағы ет тұтыну 2020 жылы шамамен 3 пайызға төмендеуі мүмкін. Бұл 2011 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіш болады.

Бұл туралы Bloomberg БҰҰ деректеріне сілтеме жасай отырып жазады.

Сарапшылар сонымен қатар бұл өнімге деген жалпы сұраныстың азаюын болжайды. Мысалы, АҚШ-та ет сұранысы кем дегенде 2025 жылға дейін болауы мүмкін. Бұл тенденция пандемия салдарынан тұтынушыларға азық-түлік бағасын төмендетіп жатқандығына байланысты. Әлемдегі миллиондаған адамдар еттен бас тартуға мәжбүр. Сонымен қатар, мейрамханалардың жабылуы сұранысқа кері әсер етті. Әлемдік тұтынудың төрттен бірін құрайтын Қытайда Пекиндегі аурудан кейін мал өнімдеріне деген сенімсіздік артуда. Өндірістегі кедергілердің саларынан жеткізіп беру қызметінің бағасы өсті.

Биылғы жылы Қытайда шошқа етін тұтыну пандемия салдарымн салыстырғанда 35 пайызға төмендеуі мүмкін, ал Еуропалық Одақ жеті жылдық деңгейге дейін төмендейді деп болжанды. Сонымен бірге, пандемиядан бұрын - кейбір елдерде етке деген сұраныстың төмендеуі байқалды. Оған себеп экология және жануарларды қорғау мәселесі еді.

Бұрын АҚШ-та еттің қарапайым америкалықтар үшін қол жетімді емес екендігі, тек байлардың тамағына айналғаны айтылған. COVID-19 басталуына байланысты, елде ет өңдеу көлемі төмендеді, азық-түлік дүкендерінде сөрелер босан қалды. Ал ауқатты адамдар органикалық ет сатып ала бастады.

Талқылау