Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алексей Цой: Күзде жағымды эпидемиологиялық жағдайға үміттенуге негіз бар

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандықтардың күзде жағымды эпидемиологиялық жағдайға үміттенуіне негіз бар екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Жағдайды игердік. Аурушаңдық пен өлім-жітімді нақты төмендеттік. Дәрі-дәрмектердің қол жетімділігін арттырдық, олар нарықта пайда болды. Әрине, мүмкін, барлық жерде емес, бірақ ұйымдарда, ауруханаларда, дәріханаларда олар пайда болды.

Қазір жағдай толық бақылауда. Біз білеміз, күзде болатын шыңға дайындалып жатырмыз. Қазір ашылған төсектер резервте тұр, ИВЛ-аппараттар сатып алынуда, мобильді жылжымалы кешендер де іске қосылған. Оттегі концентраторлары, тесттер, жеке қорғаныс құралдары - барлығы біздің бақылауымызда, тиісті көлемде жинақталуда. Менің ойымша, күзгі кезеңнен жақсы өтетінімізге нақты үмітіміз бар", - деді Цой ОКҚ-де өткен онлайн-брифингте.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрі карантинді ұзарту туралы айтты.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 03 Тамыз, 2020 11:27
Талқылау