Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алексей Цой коронавирустан зардап шеккен дәрігерлерге төлемақы не себепті дұрыс төленбегенін түсіндірді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой дәрігерлердің төлемдеріне өтініш рәсімдеу кезінде қандай қиындықтар туындағанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Айтуынша, қаражатты төлеу үлесі барлық өңірлер бойынша төмен екені байқалған.

Министрдің мәліметінше, елімізде 12 830 медицина қызметкері коронавирус инфекциясын жұқтырып, пневмониямен ауырған.

Ал өңірлік комиссиялармен 8 333 өтініш қаралды, оның 5 626-сы қабылданған. Жалпы төлемақыны тек 3 603 медицина қызметкері алды.

Ведомство басшысы мұның себебін былай түсіндірді:

"Дәрігерлерге төлем жасау кезінде көптеген тәртіп бұзушылық болды. Мысалы, өңірлерде Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық базасына 958 өтінім мүлдем енгізілмей қалған, 567-сі денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесінен өңірлердің деректерді сапасыз енгізуіне байланысты қабылданбаған", - деп түсіндірді министр Алексей Цой.

Бұл ретте өтінімді қабылдаудан бас тартқан өңірлер ішінде: Атырау облысы – 188, Шығыс қазақстан облысы-151 және Алматы қаласы – 97, Алматы облысы – 52, Қызылорда облысы – 37, Нұр-Сұлтан қаласы – 22 өтініш.

Ең жиі келтірілген себеп: диагноз стационарлық науқастардың электрондық тіркелімінде тіркелмеген, сондай-ақ құжаттардың толық болмауында делінген.



Медициналық қызметкерлердің қайтыс болуына байланысты төленетін төлемақылар бойынша да осындай жағдай болды, дейді  министр. Өңірлік комиссиялар 80 өтінімді қарап, 55-ін мақұлдады, олардың 12-сі Денсаулық сақтау министрлігі мен Еңбек министрлігі деңгейінде деректердің сапасыз ұсынылуына байланысты қабылданбаған.

"Біз талдау жүргізіп, мемлекет басшысының әріптестерімізге өтемақы төлеу жөніндегі тапсырмасын сапалы жүзеге асыруға кедергі келтіретін бірқатар маңызды проблемаларды анықтадық. Себебі, елде аурудың асқынған кезі:  маусым-шілде айларында болды, дәл осы кезеңде медицина қызметкерлерінің 75%-ы ауырып қалды. Бірақ адам ресурстарының лимиті бізге инфекция жағдайын уақтылы тексеруге мүмкіндік бермеді. Бұл қажетті құжаттардың кеш енгізілуіне байланысты", - деді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Осы мәселелерді шешу үшін Денсаулық сақтау министрлігі барлық мәселелерді онлайн шешетін жұмыс тобын құрды, МӘСҚ-мен бірлесіп типтік қателерді талдау бойынша кеңес өткізілді, сондай-ақ ауруларды кодтау түсіндірілді.

Айта кетейік, бұған дейін мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин дәрігерлерге тиесілі төлемдерді ресімдеуді бюрократиялық жүйе деп сынаған еді.

Талқылау