Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алексей Цой: Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны ресми деректен көп болуы мүмкін

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында елде коронавирус жұқтырғандар саны көп болуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанда коронавирустан көз жұмған науқастар саны 30 адамға жетті

"Жалпы біздің коронавирус инфекциясы бойынша статистика ПТР-тестілер арқылы расталған ресми мәліметтерге негізделген. Мұны түсінудің маңызы зор. Әлбетте, бұл жағдайлар көп болуы мүмкін (жұқтыру жағдайлары туралы). Алайда, қолдағы ресурстарды пайдалану үшін ПТР-тестілерге үлкен басымдық беріледі", - деді министр.

Алайда, Цой жалпы халықты ПТР-тестіден өткізу туралы жоспар жоқ екенін айтты.

"Пациент жұқтырған топқа жата ма, жоқ әлде онда пневмония ма – оны қалай ажыратуға болады? Бізге ең алдымен мақсатты топтарды тестіден өткізген дұрыс? Себебі, егер ауру белгілері болмаса пациент үйінде 14 күн жатып, бақылауда бола алады. Яғни біз ең бірінші кезекте, көмекке мұқтаж адамдарға басымдық беріп отырмыз", - деді Алексей Цой.

 

 

STAN.KZ
Сейсенбі, 07 Шілде, 2020 12:46
Талқылау