Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Александр Винокуров әлем чемпионатының жеңімпазы атанды

Олимпиада чемпионы, Astana Qazaqstan Team велокомандасының бас менеджері Александр Винокуров өзінің жас санаты бойынша әлем чемпионатының жеңімпазы атанды.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Велосипедші Глазгода (Шотландия) өткен әлемдік бәсекеде 50+ жас санатында өнер көрсетті. Екінші орынды испандық Рауль Патино иеленді. Үштікті Адриан Яш қорытындылады.

Айта кетейік, маусым айында Винокуров Тайландта өткен Азия чемпионатында алтын жеңіп алды. Ол 50+ жас  санатында жарысқа қатысты.

Талқылау