Александр Усик Джозеф Паркермен міндетті жекпе-жек өткізуі тиіс
Фото: Yahoo
WBO президенті Усик пен Паркер арасындағы жекпе-жекке қатысты қатаң шешім қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) президенті Густаво Оливьери ұйымның регламентіне сәйкес әрекет ететінін және абсолютті әлем чемпионы Александр Усик міндетті түрде Жаңа Зеландиядан келген қарсылас — Джозеф Паркермен (36 жеңіс, 3 жеңіліс, 24 нокаут) жекпе-жек өткізуі тиіс екенін мәлімдеді.
Ұйым Усикке бұл кездесуді ұйымдастыру үшін белгіленген мерзім ішінде келіссөздерді бастау қажеттігін ескертті. Егер тараптар келісімге келе алмаса, жекпе-жек промоутерлік сауда арқылы шешілуі мүмкін.
Айта кетейік, Джозеф Паркер қазіргі таңда WBO нұсқасы бойынша міндетті үміткер мәртебесіне ие. Ал Усик биыл Тайсон Фьюриді жеңіп, абсолютті әлем чемпионы атағын иеленген болатын.
Сонымен қатар, Оливьери WBO барлық боксшыларға бірдей талап қоятынын және ешкімнің атағы не беделі ескерілмейтінін айтты. Оның сөзінше, ұйым басшысы ретінде ол әр чемпионның өз атағын міндетті түрде қорғауын қамтамасыз етуге жауапты.

"Мықты еркек қана көп әйел ала алады": Тоқал болуға келіскен қазақстандық өмірінен сыр шертті
