Шымкентте әйел өзінің 6 жасар қызын зорламақ болған бұрынғы күйеуін пышақтап тастады
Шымкентте 39 жастағы тұрғын бұрынғы әйеліне күш көрсетіп, қорлап, 6 жасар қызын зорламақ болған. Оқиға орнында қыздың анасы жалаңаш жатқан ер адамға пышақ жарақатын көрсету арқылы қызын құтқарып қалған. Алайда бүгінде жауапқа зорлаған азамат емес, әйел тартылуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 12 қыркүйекте Шымкент қаласынан 700 киллометр жерде орналасқан өңірде болған. Шымкент қаласының тұрғыны Жақыпов мұнда бұрынғы әйелі мен балаларын көруге келген. Құқық қорғаушы Дина Таңсәрінің айтуынша, кешкі астан соң масайып қалған азамат бұрынғы әйелін жуынатын бөлмеге апарып қорлаған. Кейін әлсіреген әйел көзін ашып бөлмеден шыққанында жантүршігерлік көріністі көрген. Көз алдында 6 жасар қызының үстінде әкесі жатып, оның іш киімін шешуге тырысқан. Әйел бұдан соң ер адамның ақасына бірнеше рет пышақ сұғып алған.
“Жәбірленушінің әпкесі баяндағандай бұрынғы күйеуі алдымен балаларды бір бөлмеге қамап тастап, әйелді зорлаған. Кейін бөлмені ашып қызын шақырып алған. Қызының үстіне жалаңаш жатып, шашынан үстінен бетінен сипаған, шолақ шалбарын шешпек болған. Анасы араша болып итергенінде оның аяғынан теуіп жіберген. Ер адам бұл сәтте шегіп алған және мас күйде болған. Шарасыз әйел қолына түскен пышақты алған да арқасынан сұққан. Бұл кезде қанпезер қыздың іш киімін шешіп жатқан екен. Әйел қоймаған соң пышақты қайта-қайта сұғып жіберген”,- деді заңгер Дина Таңсәрі.
Осыдан кейін Алматы полиция департаментінің хабарлауынша, бауыры мен тік ішектеріне пышақ жарақатын алған ер адам ауруханаға жатқызылған. Оның бұрынғы әйеліне қатысты 106-баптың 1-бөлімі бойынша денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бойынша қылмыстық іс қозғалған. Құқық қорғау органдары мән-жайды анықтауда. Әйел үйқамақта, 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бірақ әйелді және кәмелетке толмаған қызын зорлау фактісі бойынша іс қозғалмаған.
Қоғам белсенділері мен заңгерлер зорлаған ер адамға қарсы ең қатал жаза қолдану туралы петиция жариялап, елбасының назар аударуын сұрады.
"Біз қазірдің өзінде 11 246 қол жинадық, содан кейін оларды Президент Әкімшілігіне жібереміз. Бастапқыда олар тергеу әрекеттерін жүргізбеген. Құқық қорғаушы қызметкерлер жәбірленуші мен олардың заттары қандай күйде екенін қарауы керек қой. Әйелдің алғашқы жауап алуы адвокатсыз өткен. Оны жедел түрде сот-медициналық сараптамаға апарудың орнына 3 тәулік бойы қамақ қойған. Әйел өзін зорлағанын айтады. Ал тергеуші бұрынғы әйелін жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген деп беруде. Олар бар жайтты мүлде қарастырмаған. Сондықтан бұл істі жан-жақты жасырып, 120 емес, 106-бап бойынша жүргізуде", - деді "Не молчи KZ" қорының жетекшісі Дина Таңсарі.
Жақыпов деген азаматша Шымкент қаласында тұрады. Борышкерлердің тізімі бойынша соңғы 3 жыл бойы тұрақты түрде алимент төлемей жүрген азаматқа елден шығуға тыйым салынған. Жәбірленуші бұрынғы күйеуімен кездесуге қызына заттар сатып алуға уәде бергендіктен келіссе керек.