Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Суретке түсіріп, интернет арқылы екі iPhone 12 рәсімдеген: Павлодар облысында жас жігіт зейнеткерді алдап кеткен

Павлодар облысында алаяқтардың арбауына түскен зейнеткер өз атына, 2 миллион теңгелік несиеге iPhone 12 PRO MAX гаджетінің алынғанын білген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Құқық қорғау органдарының көмегімен зейнеткер өзінің атына несиеге бағасы қымбат тұратын айфон гаджетінің алынғандығын бірнеше күннен кейін білген. Павлодар облысы полиция департаменті баспасөз хатшысының айтуы бойынша, онлайн несиені  зейнеткердің атына облыс тұрғыны заңсыз рәсімдеген.

Тергеу анықтағандай, жас жігіт зейнеткермен сөйлесіп сеніміне кірген соң, жеке куәлігін сұрап суретке түсірген. Артынша дәл банктегідей фотосуретке зейнеткердің өзін түсіріп алып, қаладағы интернет дүкендердің бірінен iPhone 12 PRO MAX телефонының екеуін несиеге рәсімдеген. Келтірілген шығын шамамен 2 миллион теңгені құрайды.

Тәртіп сақшылары қала маңындағы Ленинский ауылының 22 жасар тұрғынын оқиғаға кінәлі деп тапты. ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл қылмыс 1000 АЕК (2 917 000 теңге немесе 6 831 АҚШ доллары) мөлшерінде айыппұл салуға немесе 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тартуға, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады немесе бас бостандығын шектеумен қатар мүлкін тәркілеу жазасы қолданылады. 

Павлодар облысында тоғыз ай ішінде ақпараттық жүйелердегі алаяқтыққа байланысты 800 іс тіркелген.

Талқылау